Погар Картоп Фабрикасы.

 Погар Картоп Фабрикасы, өндірістік компания, құрғақ картоп үлпектерін өндіруші, іскерлік байланыстарды ұлғайтуға мүдделі болып отыр. Өзара пайдалы әрі сәтті бизнес үшін Сізге ынтымақтастық ұсынамыз.

Погарға қош келдіңіз!

Погарды картоп алқаптарынсыз елестету мүмкін емес, мұндағы картоп өнімдері өсуі үшін мінсіз табиғи қолайлы жағдайлардың барлығы бар: құнарлы топырақ, молынан келетін таза су, күннің көзі, таза ауа мен еңбекқор жандар.

Фабрика тек қана картоп өсіріп, өңдеумен айналысуға маманданған.

Картоп өсіру меншікті және жалдамалы алқаптарда өз күшімен жүргізіледі, орташа қашықтығы 70 км.

Біз топырақты өңдеуге, егуге, картоптың өнімдерін жинауға, картоптарды тасымалдауға, өндіріс қалдықтарын өңдеп, кәдеге жарататын заманауи арнаулы техникамен толығымен жарақталған.

Картоп қоймасы – жыл бойына 40 мың тонна картопты біркелкі сақтауға арналған алаңдардың 6 секциясы.

Өндіріс – картоптарды тез дайындалатын картоп үлпектеріне қайта өңдеу, өндірістік қуаттылығы жылына 12 мың тоннаға дейін жетеді.